Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭС) ортақ валюта енгізілуі мүмкін. Тікелей эфир кезінде Ресей президенті Владимир Путин осындай пікірін білдірді. Бірақ оның сөзінше, одаққа мүше елдердің даму деңгейі бірдей болған кезде ғана аталған реформаны іске асыруға болады.
Ортақ валюта туралы сұраққа жауап бере отырып, Еуроодақ қателерін қайталауға болмайтындығын атап өтті.
"Бұл өте үлкен мәселе. Негізінде, алдағы уақытта орындалуы мүмкін. Бірақ Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін елдердің экономика құрылымы мен даму деңгейі теңескен жағдайда ғана. Ортақ валюат енгізгенімен, елдердің экономикасы бір-бірінен айырмашылық жасаған Еуроодақтың қателігін қайталауға болмайды",-деп түсіндірді В.Путин.