Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

В.Путин: "Ислам мемлекеті" құрамында ТМД-ның 5-7 мыңға жуық азаматы бар

В.Путин: "Ислам мемлекеті" құрамында ТМД-ның 5-7 мыңға жуық азаматы бар

Ресей тыйым салған  "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының құрамында ТМД елдерінің 5-7 мыңға жуық азаматы соғысып жатыр. Бұл туралы Ресей Празиденті Владимир Путин Бурабайда өтіп жатқан  ТМД елдерінің саммитінде мәлімдеді деп хабарлайды ВВС.

"ИЛИМ құрамында Ресейден, басқа ТМД елдерінен шыққан 5-7 мыңға жуық азаматтар соғысып жатыр. Әрине олардың  Сириядан алған тәжірибесін бізде қолдануына жол бермейіз", - деді В. Путин. Бұдан бұрын, ИЛИМ құрамындағы ресейліктердің саны мыңнан екі мыңға жуық деп мәлімделген.  "2,5 мыңға жуық ресей азаматы осы құрамда жүр", - деді РФ ІІМ-нің орынбасары Александр Горовой. Маусым айында Ресейдің Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев ИЛИМ құрамындағы ресейліктердің саны мыңнан астам деген болатын. Ал Федералды қауіпсіздік қызметінің директоры Александар Бортников "Ресей газетіне" берген сұхбатында 1700 адам деп көрсеткен. "Ислам мемлекеті" тобына Ресеймен қоса көптеген мемлекеттерде тыйым салынған. Ол Сирияда құрылып, Ирактың біраз бөлігін жаулап алғаннан кейін танымал бола бастады және өздерін халифат ретінде жариялады. Ал осы аптада аталған топ АҚШ пен Ресейге қатысты қасиетті соғысты бастайтынын мәлімдеді. Ресей авиациясы 30 қыркүйектен бастап Сирияға өз күшін жіберді. Ресей билігінің сөзінше операцияның басты мақсаты - "Ислам мемлекеті" экстремистік тобымен күресу. Алайда, Батыс елдері Ресейді "Ислам мемлекеті" экстремистік тобымен күресудің орнына Башар Асадтың режимін қолдап отыр деп кінәлауда. Ал Түркия, АҚШ, Ұлыбритания, Германия және Парсы шығанағы билігінің мәлімдеуінше, Ресейдің Сирияға өз күшін жіберуі мемлекетпен одан ары қақтығыстың күшеюіне алып келеді.

Похожие материалы