Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

В.Школьник: Қазақстан үшін мұнай өндірісінің шыңы әлі алда

В.Школьник: Қазақстан үшін мұнай өндірісінің шыңы әлі алда

Соңғы 20 жыл ішінде Қазақстандағы мұнай өндірісі 3 есе артқан, бірақ болжамдар бойынша, өндірістің шыңы әлі алда. Бұл туралы Халықаралық энергетика агенттігінің жарияланымдарын және Шығыс Еуропа, Кавказ бен Орталық Азия елдерінің энергетиклық саясаттарының үлгілері бар INOGATE бағдарламасын ұсыну жөніндегі іс-шара барысында ҚР энергетика министрі Владимир Школьник хабарлады.

"Соңғы 20 жыл ішінде елімізде мұнай өндірісі 3 есе, тәулігіне 1,6 млн баррельге дейін өсті, газ бойынша - 5 есе, жылына 40 млрд текше метр. Келешекте өндірістің максимал деңгейін қамтамасыз ететін елдердің біріміз, бәрі әлі де алда. Яғни, көптеген кен орындары төмен деңгейде, ал жас ел ретінде біз үшін бәрі алда", - деп мәлімдеді В.Школьник.

Ол Халықаралық сараптама агенттігі өздерінің қараша айындағы баяндамасында мұнай өндірісі өсетін ірі көздер ретінде Иран, Бразилия, Канада және Қазақстан елдерін қарастырғандығын айта кетті.

"Біздің болжамымыз бойынша, 2020 жылдан кейін Қазақстандағы мұнай өндірісінің деңгейі жылына 100 млн тоннадан, яғни күніне 2 млн баррельден асып түседі. Өсіп келе жатқан көлемдер мұнай-газ көлік инфрақұрылымының серпінді дамуын талап етеді. Осыған байланысты біз жаңа көлік, экпорт жүйелерін құру және қолданыстағыларын кеңейтуге қатысты жұмыстарды жүргізудеміз", - деді министр.

Похожие материалы