Нұр-Сұлтан. 18 тамыз. 7kun.kz – Вайнер Мейіржан Төребаевқа қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы 30 күнге ұзартылды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Қалалық соттағылардың хабарлауынша, 17 тамызда күдіктіні іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін 18 қыркүйекке дейін ұзарту туралы өтінішхат қанағаттандырылды.
Ал тағы бір вайнер Мейірхан Шерниязовты оны қамауға алу мерзімі 16 қыркүйекке дейін ұзартылды.
Айта кетейік, 10 ақпанда Төребаев пен Шерниязовқа қатысты «Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.
Сәуірдің 11-і күні Нұр-Сұлтанда қаржы пирамидасының қатысушысы Ішкі істер министрлігі ғимаратының алдында өзін-өзі өртеп жіберді. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев оқиғаға түсініктеме бере отырып, жәбірленуші тергеу органдарына қысым көрсету үшін өзін-өзі өртеп жібергенін айтқан болатын.