Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Валлония Қазақстанмен экономикалық және мәдени ынтымақтастықты дамытуды қолдайды

Валлония Қазақстанмен экономикалық және мәдени ынтымақтастықты дамытуды қолдайды

Алматы. 23 тамыз. 7kun.kz – 2018 жылғы 20 тамызда Қазақстанның Елшісі Айгүл Құспанның бельгиялық Валлония аймағының – Министр-президенті Вилли Борсумен кездесуі өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Тараптар екіжақты саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың мәселелерін талқылап, нақты шаралар бойынша пікір алмасты.

Елші Қазақстан мен Бельгияның, оның ішінде Валлониямен нығайып келе жатқан экономикалық қарым-қатынастарды атап өтті. Бұл мәнмәтінде, Валлония Экспорт және инвестиция жөніндегі агенттігінің (AWEX)  Қазақстанға ұйымдастырып тұратын бизнес-миссиялары үшін алғыс айтты. Сонымен қатар, А. Құспан экономикалық қарым-қатынастарды одан әрі дамыту мақсатында, аймақтың технологиялық кластерлерімен, ғылыми орталықтарымен, инвестициялық қорларымен байланысты жандандыруға ниетті екендігін жеткізді.

А. Құспан «Астана» Халықаралық қаржы орталығы, Халықаралық жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар орталығы туралы ақпарат беріп, Валлония компанияларын олардың жұмысына қатысуға шақырды.

Өз кезегінде, В. Борсу аймақтық үкімет өз жұмысында негізгі басымдықты экономикалық және инвестициялық қарым-қатынастарды ұлғайтуға аударатынын айтып, Қазақстанмен фармацевтика, ауыл шаруашылығы және энергетика салаларындағы ынтымақтастық үлкен әлеуетке ие екендігіне назар аударды. Министр-президент қазақстандық тараптың экономикалық ынтымақтастықты арттыру ұсынысын құптайтынын мәлімдеді.

Похожие материалы