Экономика
"Валют-Транзит банктің" экс-қызметкері қаржы министрлігінен өтемақы қайтарды
"Валют-Транзит банк"АҚ-ның ликвидациялық комиссиясының экс-төрағасы Жамилә Омарханова Қазақстанның қаржы министрлігінен заңсыз түрде қылмыстық жауапкершілікке тартқаны үшін 9,6 млн теңге өтемақы алды деп хабарлайды Қарағандыдағы Қазыбек би аудандық сотынан.
Ж.Омархановаға заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты, билігі мен лауазымын артығымен пайдаланды және жауапсыздық деген баптар бойынша айып тағылғанымен, 2012 жылдың 26 желтоқсанында ақталып шыққан. Кейінірек ол 18 ай бойы қамауда болған уақыттағы табысы үшін өтемақы төлеуді талап етіп, сотқа шағым түсірген еді.
"Шағым түсіруші моральдық шығын талап етпеді. Ол тек қамауда отырған 18 айда әр айдағы жалақысын төлеуді сұрады. Барлығы 8,4 млн теңге. Сондай-ақ, мемлекеттен қорғаушы қызметі үшін төлеген 1,1 млн теңгені қайтаруын талап етеді", - деп түсіндірді соттан. Сот оның шағымын толықтай қанағаттандырды, қаржы министрлігі толық көлемде қаржы төлеуі қажет.
Еске салайық, 2006 жылдың қазанында "Валют-Транзит банктің" басқарушы құрамына қатысты қаржылай алаяқтық үшін қылмыстық іс қозғалған еді. Банктің 8 қызметкері түрлі мерзімде қамауға алынды.