
РФ президенті Владимир Путин Орталық банк пен үкіметке Еуразиялық экономикалық одақтың аясында валюталық одақ құрудың мақсаттылығы бойынша жұмыстар жүргізуді тапсырды.
"Ресей банкі мен РФ үкіметіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің орталық (ұлттық) банкілерімен бірлесе отырып Еуразиялық экономикалық одақ аясында болашақ валюталық одақтың мақсаттылығы мен мүмкіндігін қарастырып, валюталық және қаржылық салаларда ары қарайғы интеграция бағыттарын анықтау тапсырылады", - делінген Кремль сайтында жарияланған Владимир Путиннің жарлығында.
Тапсырманың орындалғаны туралы баяндау үкімет басшысы Дмитрий Медведев пен ОБ басшысы Эльвира Набиуллинаға 2015 жылдың 1 қыркүйегіне дейін тапсырылған.