Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" заң 2019 жылдың басында қабылдануы мүмкін

"Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" заң 2019 жылдың басында қабылдануы мүмкін

Алматы. 10 тамыз. 7kun.kz - 2019 жылдың басында "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" заң қабылдануы мүмкін. Бұл туралы ұлттық банктің төлем балансы және валюталық реттеу департаментінің директоры Айгүл Боранбаева хабарлады.

"Жоспар бойынша бұл заң 2017 жылдың 4 тоқсанында Қазақстан үкіметіне енгізіледі. Ал 2018 жылдың қаңтарында заң парламентке жіберіледі. 2018 жылы заң бойынша жұмыстар парламентте атқарылады. Содан кейін, парламент жұмысына қарай заң қабылданып, күшіне енеді. Бұл шамамен 2019 жылдың қаңтарында немесе одан да кеш уақытта жүзеге асады", - деп атап өтті Айгүл Боранбаева дөңгелек үстел барысында.

Оның айтуынша, заң жобасы либералды валюталы режим мен валюта реттеудің ақпарат құралдарының принциптерін сақтайды. Сондықтан жаңа заңның қабылдануы кері әлеуметтік-экономикалық зардаптар туғызбайды.

"Заң жобасын құрастырудың мақсатыдамып келе жатқанн нарықтағы валюталық реттеу мен бақылау саласынағы туындайтын құқықтық қатынастарды реттеу үшін қабылданады. Сонымен қатар, Қазақстан нарығына шетелдік ұйымдардың филиалдарын көптеп тартуға мүмкіндік туғызады және "Астана" халықаралық қаржы ортылығын құруға да ықпал етеді", - деді Айгүл Боранбаева.

Оның сөзінше, заңда ірі қаржылық келісімдерді бақылау да күшейтіледі.

Похожие материалы