Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Венчурлық қор инвестиция салатын идеялар іздейді

Венчурлық қор инвестиция салатын идеялар іздейді

Достар, менің жақсы жаңалығым бар.

Біз инвесторлармен Сингапурда капиталы 50 млн доллар болатын Asadel Venture Fund атты венчурлық қорын құру туралы меморандумға қол қойдық.  Аталған қор ТМД және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ІТ компаниялары мен стартаптарына инвестиция салады. Төменде қордың инвестициялық стратегиясының қысқаша сипаттамасы. Жастар мен ІТ бизнесмендер үшін тағы бір тамаша мүмкіндік бар.

Инвестициялық стратегия

Біз кімбіз?

Сингапурде тіркелген венчурлық қор. ТМД және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен жұмыс істеуге бағытталған.

Бізге не қажет?

- Бізге төмендегідей қасиетке ие команда қажет:

  • моральдық қабілеті жоғары, адал, тәрбиелі
  • идеясына сенетін, жаны ашитын
  • энергияға толы
  • біздің принциптерімізді бөлісетін

- Біз қоғам мен адамдардың проблемаларын шынайы шешетін идеялар іздейміз.

Инвестициялау уақыты

7 жылға дейін. Аяқ астынан инвестициядан шығу төмендегі жағдайларда туындайды: 1. Инвестиция салынған команда тараса 2. Идеяның болашағы болмаса немесе нарықтағы жағдай өзгерсе

Қордың мақсаты қандай?

1. Директорлар кеңесінің жұмысына қатысу арқылы компанияны дамыту стратегиясының құрастырылуына және бекітілуіне араласу 2. Өз уақытында есеп беруді және қаржыландыруды бақылап отыру 3. Корпоративтік басқару үшін дұрыс процедуралар мен ең үздік тәжірибелер енгізу 4. Тәуекелдерді басқару және қадағалау 5. Күнделікті, методикалық және менторлық көмек

Қандай секторға инвестиция саламыз?

Біз қаржының 50%-ын транспорт және логистикаға, ритейлге 15%, қаржы саласына 15%-ын және арнайы жағдайлар үшін 20%-ын (кез келген елде кез келген секторда болуы мүмкін) инвестициялаймыз.

Қандай деңгейде?

Біз алғашқы кезеңнен бастап-ақ(early growth), яғни компанияның тұтынушылар бар, бірақ өз-өзін толықтай ақтай қоймаған уақыттан бастап инвестиция саламыз. Ескеретін жайт, тұтынушылардың өсімі мен кіріс позитивті болуы керек.

Қандай мақсатта инвестиция саламыз?

1. Компанияның жеке капиталын ұлғайту үшін. 2. Акциялардың кем дегенде 50 пайызын бірінші жарияланымға шығару үшін. 3. Компания негізін қалаушыларының бізбен бірге бір бағытта жүруін жөн көреміз.

Бір компанияға салатын инвестиция көлемі қандай? 1. 5 млн долларға дейін 2. 500 мың доллардан кем емес

Ие болатын үлес көлемі қандай? 1. 5%-дан кем емес 2. 49%-дан артық емес

Инвестиция салатын идеяны немесе компанияны қандай критерий бойынша іздейміз? 1. ПРОБЛЕМА Компания немесе ұсынылған идея шешуі тиіс проблеманың ауқымдылығы мен өзектілігі. 2. ШЕШІМ Компания немесе идея ұсынған шешім қаншалықты оңтайлы, сапалы және ол қаншалықты жүзеге асырылатындығын бағалау. 3. КОМАНДА Идеяны ұсынып отырған команданың проблеманы түсіне білу тереңдігі және қабілеттілігі 4. БИЗНЕС МОДЕЛІ Идеяның жүзеге асырылуына кедергі келтіретін механизм, алгоритм, тактика, стратегия және басқа да тосқауылдарды бағалау деңгейі 5. ТАЙМИНГ. Идея қаншалықты қажет және қаншалықты өзекті? 6. МОНЕТИЗАЦИЯ. Монетизациялау потенциалын, көлемін, мерзімін және тұрақтылығын бағалау. 7. ҚОРЛАНДЫРУ. Қордың компанияны немесе идеяны белгілі бір деңгейге дейін қаржыландыру мүмкіндіктері.

Похожие материалы