Экономика
Вера Кобалия "Астана ЭКСПО-2017" компаниясынан кетті
Вера Кобалия "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының басқарма басшысының орынбасары қызметінен өз еркімен кетті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ұлттық компания баспасөз хатшысы Айгүл Мүкей хабарлады.
Басқарма төрағасының орынбасары Вера Кобалия көрмені жұртшылық арасында кеңінен таныту, халықаралық қатысушылар мен туристерді тарту, коммерцияландыру және демеушілік, контет және көрмеден кейін нысандарды пайдалану мәселелеріне жетекшілік етті.
Еске сала кетейік, 11 маусымда Талғат Ермегияев Мемлекет басшысының тапсырмасымен "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы қызметінен
босатылған болатын. Кейін ол үй қамауына алынды.
Сонымен қатар, сот бұған дейін "Астана ЭКСПО-2017" ҰК АҚ құрылыс департаментінің бұрынғы басшысы Қажымұрат Үсеновті қамауға алу туралы шешімді
қабылдаған-тын.