Экономика
Vimeo-ның бұғаулануына террористік ұйымның видеоролигі табылуы себеп болған

Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті vimeo.com видеохостингін діни экстремизм мен терроризм идеяларын насихаттайтын видеолар таратқандығы үшін бұғауланып тасталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Vlast.kz хабарлайды.
Сервис Астана қаласы Есіл аудандық сотының 7 қыркүйекте шығарған шешіміне байланысты уақытша бұғауланған. Бұған сайтқа тексеріс жүргізген кезде халықаралық террористік ұйым ИМ-ның (Ислам мемлекеті) видеоматериалдары табылуы себеп болды делінген комитеттің ресми мәлімдемесінде.
Видеохостингте террористерге тұтқын болған адамдарды өлім жазасына кесілу сәті түсірілген ИМ-ның 8 ролигі табылған. Комитеттің хабарлауынша, интернет-ресурстан заңғы қайшы материалдар жойылғанда ғана Vimeo қолжетімді болады.
Сондай-ақ ведомство flickr.com сайтына қатысты шектеу шаралары қолданылмағанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта сервистің жабылу себептері анықталу үстінде.