Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Вираж» Семейдегі автозауытты ұлғайту үшін 2,5 млрд теңге бөледі

«Вираж» Семейдегі автозауытты ұлғайту үшін 2,5 млрд теңге бөледі

Алматы. 28 тамыз. 7kun.kz – «Вираж» компаниялар тобы «СемАЗ» автокөлік құрастыру зауытының өндірістік қуатын кеңейту үшін 2,5 миллиард теңге инвестициялауды жоспарлап отыр, - деп мәлімдеді «Вираж» ЖШС бас директоры Вадим Козырь.

Кеңейту ГАЗ автокөліктерін шығаратын жаңа цехтың құрылысын көздейді.

Жаңа цехтың болжамды қуаты – жылына 5 мың бірлік автотехника.

Цехтың ашылуы 2020 жылдың аяғынан 2021 жылдың ортасына дейін жоспарланып отыр.

«СемАЗ» ЖШС – Семейде орналасқан автокөлік құрастыру зауыты. Зауыт қондырғыларында Беларуссия маркалы тракторлардың тоғыз модификациясы, Shacman жүк автокөліктері (25 тонналық самосвалдар мен араластырғыштар), түрлі модификациядағы Орал автокөліктері, Foton және GAZ автокөліктері шығарылады.

«Вираж» компаниялар тобы 1998 жылдан бастап Қазақстан нарығында автокөлік холдингі болып табылады. Компанияның негізгі бағыты - автокөліктерді, автобустарды, арнайы көліктерді жеткізу, кепілдік қызмет көрсету, сонымен қатар олар үшін қосалқы бөлшектерді сату. Топта 3 өндірістік кәсіпорын бар («СемАЗ» ЖШС, «КАИК» ЖШС, «DAEWOO BUS» ЖШС).

Топтың Қазақстанның автомобиль нарығындағы үлесі 10%-дан асады, автобустар, жүк автокөліктері және коммерциялық көліктер сегментінде – шамамен 50%.

Похожие материалы