Алматы. 24 сәуір. 7kun.kz – Жиырма төртінші сәуірге арналған металл және мұнай бағамдарының бағасы анықталды.
Мұнай: Сейсенбі күні сауда-саттықта мұнай бағасы өсімді күшейтті, WTI құны барреліне 66,5 доллардан асты. Лондон ICE Futures биржасында Brent мұнайының маусым айындағы фьючерстерінің құны сағат 22:00-де 74,65 долларды құрады, бұл алдыңғы сессия деңгейінен 0,61 (0,82%) жоғары. Нью - Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI мұнайының маусым айындағы фьючерстерінің бағасы 0,97 долларға (1,48%) - барреліне 66,52 долларға дейін қымбаттады.
Металлдар: Алтын бағасы компаниялардың жақсы тоқсандық есептері тәуекел активтеріне деген сұранысты қолдағаннан кейін төмендеді. 21:45-те Нью-Йорктегі Comex биржасында сәуір айындағы алтын фьючерсінің бағасы 0,6% төмендеп, бір троялық унциясы 1269,65 долларға сатылды. Күміс фьючерстің құны 1,6%-ға төмендеп, бір троялық унциясы 14,873 долларға сатылды.
Криптовалюталар: Coinmarketcap.com порталының мәліметтері бойынша 21:49-да bitcoin 5 587,48 долларға сатылды. Соңғы 24 сағатта бірінші криптовалюта 4,78%–ға қымбаттап, ал оның капитализациясы 95,49 млрд долларды құрады. Осы уақытта Ethereum 1,82%–ға қымбаттап, 174,15 долларға сатылды. Бұл криптондық валютаның капитализациясы 18,42 млрд долларды құрады. Нарықтың жаһандық капитализациясы – 180,66 млрд доллар.