Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Вице-министр: Мұғалімдердің жалақысын арттырумен қатар жаңа үстеме ақы жүйесі енгізіледі

Вице-министр: Мұғалімдердің жалақысын арттырумен қатар жаңа үстеме ақы жүйесі енгізіледі
Алматы. 16 қаңтар. 7kun.kz - 15 қаңтарда өткен Үкіметтің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы аясында мұғалімдердің жалақысын арттыру туралы мәселеге түсініктеме жасады.  
Вице-министр айтып өткендей, жалақыны арттыру оқу бағдарламаларының жаңартылған мазмұнына көшуге байланысты болмақ. 2019 жылға дейінгі Білім және ғылым мемлекеттік бағдарламасымен бекітілген сәйкес кесте бар. Осылайша, 2018 жылғы қаңтардан бастап 1, 2, 5, 7-сыныптардың мұғалімдерінің жалақысы ұлғайтылады. 2018 жылғы қыркүйектен бастап — 3, 6 және 8-сыныптардың мұғалімдерінің, 2019 ж. қыркүйектен бастап 4, 9, 10-сыныптардың мұғалімдерінің жалақысы артады. 2020 жылы 11-сынып мұғалімдеріне де кезек келіп жетеді. Үстеме ақы мөлшері Мемлекет басшысы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында айтып өткендей, лауазымдық қызметақыдан 30% құрайды. Мысалға, 15 жылдық еңбек өтілі бар І санаттағы қала мұғалімінің жалақысы 24 000 теңгеге, дәл осындай ауыл мұғалімінің жалақысы 25 860 теңгеге артады. Толық оқу жүктемесі кезінде осылай болмақ. Бұдан өзге, мұғалімдерге үстеме ақы төлеудің жаңа жүйесі енгізіледі, ол біліктілік деңгейін ескереді. Санаттар ұлттық біліктілік тесті арқылы тағайындалады. Расталған біліктілікке байланысты үстеме ақы 20%-дан бастап 50% дейінді құрайды. Мәселен, бір саты жоғарылаған 15 жылдық еңбек өтілі бар І санаттағы қала мұғалімінің еңбекақысына 28 000 теңге қосылса, ауыл мұғалімінің жалақысына 36 000 теңге қосылады. Еш санаты жоқ және 3 жылдық өтілі бар мамандардың лауазымдық қызметақысы 56 000 теңгені құрайды, вице-министрдің айтуынша, педагогтардың осы санаты үшін бірқатар үстеме ақылар мен қосымша ақылар қарастырылған (дәптерлерді тексеру, кабинеттерді меңгеру үшін). Осылайша, білім берудің жаңартылған мазмұны үшін үстеме ақы қала деңгейінде 16 000 теңгені және ауыл деңгейінде 21 000 теңгені құрамақ. Осылайша, осындай маманның жалықысы қалада шамамен 96 000 теңге, ауылда 115 мың теңге болмақ.
«Осындай үстеме ақы алуға ынталандыру бар деп ойлаймын. Ал, бұл маман біліктілік тестін тапсыратын болса, оның жалақысы едәуір ұлғаяды», — деп түйіндеді Бибігүл Асылова.

Похожие материалы