Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"ВКонтакте" Apple смартфондарының иелерін музыкадан айырды

"ВКонтакте"  Apple смартфондарының иелерін музыкадан айырды

Ресейдегі ең  ірі әлеуметтік желінің бірі  "Вконтакте" iPhone және iPad-қа арнап жаңа нұсқадағы қосымшаларын шығарды деп хабарлайды dixinews.kz. Бағдарлама iPhone 6 және  6 Plus-тің экрандарына лайықталып шығарылған, бірақ ол жерден аудиожазба тыңдауға мүмкіндік беретін функция мүлдем алынып тасталды.

Әлеуметтік желілердің өкілдері  мұндай қадамның  нақты себептерін атаған жоқ, олар тек  американдық компанияның талаптарына сілтеме жасайды.

“Біз, Apple  компаниясының аворлық құқықты сақтау саясатына байланысты заңсыз әрекеттерге барғандығына өкініш білдіреміз. Біздің тұтынушыларымыз бұл платформадағы музыкалық қосымшаларды пайдалана алмайды. Ал iOS-тағы "Вконтакте" әлеуметтік желіге әндерін жүктеген мыңдаған орындаушылар, композиторлар тобы, диджейлер мен музыкалық компаниялар оны тыңдаушыларына жеткізе алмайды", -  деп мәлімдеді компания баспасөз-хатшысы Георгий Лобушкин. Ол  әлеуметтік желілер  музыкалық қосымша өз қызметін атқару үшін барынша тырысып жатқандарын атап өтті.

Похожие материалы