Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ВКонтакте ойындары арқылы жаңа вирус тарап жатыр

ВКонтакте ойындары арқылы жаңа вирус тарап жатыр

"Касперский зертханасының" мамандары жаңа мобильдік Podec троян-вирусын анықтады. Ол "ВКонтакте" әлеуметтік желісі арқылы таралады. Аталған вирус Android қолданушыларын олардың келісімінсіз ақылы қызметтерге жазып қояды. Бұл жөнінде Касперский зертханасы хабарлайды.

"Касперский зертханасының" мәліметіне сүйенсек, вирус қолданушының шын адам немесе робот екендігін тексеретін САРТСНА жүйесін айналып өтеді. Ол үшін Podec  мәтін тануға қабілетті Antigate.com. атты қызметті қолданады.

Вирус хакерлер тарапынан шабуылға ұшыраған ойындарды жүктеу арқылы жұғады. Ол ойындар "ВКонтактенің" топтарында жарияланып тұрады. Жүктелген соң вирус жаңа ғана орнатылған ойынның әкімшісі атынан белгілі бір құқықтарға келісім сұрайды. Келісім берген соң, ол вирусты өшіру мүмкін болмайды. Осылайша қолданушыға кез келген мәтіндегі смс жіберу керектігі жөнінде хабарлама келеді. Ол смс сізді ақылы қызметтерге жазып, есепшотыңыздағы қаражатыңызды жей бастайды. Смс-ке жауап беру не бермеу өз еркіңізде. Десе де, келісім бермейінше сол хабарлама шыға береді. Сол себепті ойындарды жүктеу барысында абай болғаныңыз жөн. Нақтырақ айтқанда, вирус осы күнге дейін Ресейдің 4 мыңға жуық, Қазақстанда 300-ден артық құрылғыларға таралып үлгерді.

Podec вирусы алғаш рет 2014 жылы анықталған. Сол кезден бері үнемі жаңарып келеді. "Касперский зертханасының" төрағасы Виктор Чебышев вирусты "мобильді құрылғыларға өте қауіпті бағдарлама" деп отыр.

Похожие материалы