Экономика
IT, Технология
"ВКонтакте" қосымшасы Google Play дүкенінен алынып тасталды
Онлайн-дүкен ірі құқық иесінің заңсыз музыкалық контентке қатысты шағымына байланысты ресейлік әлеуметтік желінің қосымшасын алып тастады деп жазады "Известия" газеті.
Шағым үш ірі дүниежүзілік құқық иесі - Universal Music, Sony Music және Warner Music/EMI компанияларының бірінен келіп түскен. Әлеуметтік желі осы компаниямен музыканы заңдастыруға қатысты келіссөздер жүргізуде.
"ВКонтакте" өкілі Георгий Лобушкин өзінің Twitter-дегі микроблогында компания болған жағдайдың мән-жайын анықтап жатқандығын
хабарлады.
"ВКонтакте" - ірі ресейлік әлеуметтік желі, күнделікті аудиториясы 40 млн адамнан асып түседі. Әлеуметтік желінің өзі ұсынған деректерге сүйенсек, желіге 190 млн қолданушы тіркелген.