Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"ВКонтакте" қосымшасы Google Play тізіміне қайта оралды

"ВКонтакте" қосымшасы Google Play тізіміне қайта оралды

Ресейлік "ВКонтакте" әлеуметтік желісінің қосымшасы Google Play онлайн-дүкенінің мобильді қосымшалар тізіміне қайта оралды. Бұл туралы "ВКонтактенің" баспасөз хатшысы Георгий Лобушкин хабарлады.

"Android-қа арналған ВКонтакте қосымшасы Google Play-ден жоғалып кеткеннен соң қайта оралды", - деп жазды Г.Лобушкин Твиттердегі микроблогында. Бұған дейін хабарлағанымыздай, кеше "ВКонтакте" қосымшасы Google Play дүкенінен алынып тасталған болатын. Бұның себебі ретінде музыкалық контенттің заңсыз пайдаланылуы аталынып өтті.

Похожие материалы