Экономика
"ВКонтакте" желісі әнші Г.Лепстің әндерін заңсыз пайдаланғаны үшін айыппұл төлейді
Санкт-Петербург мен Ленинград облысының арбитраждық соты «ВКонтакте» әлеуметтік желісінен әнші Григорий Лепстің әндерін заңсыз орналастырғаны үшін 750 мың рубльді (13,2 мың доллар) өндірді деп хабарлады ВВС агенттігі.
Сотқа Лепс шығармаларына құқығы бар «Никитин Медиа Диджитал Контент» дыбыс жазу студиясы шағымданған болатын.
Компания әншінің 10 аудиотрегіне еркін қол жеткізе алатындай орналастырғаны үшін әлеуметтік желінің 750 мың рубль төлеуін және әндерді өшіруін талап еткен.
Іс шамамен екі жыл қаралды. Бастапқыда шағымданушы жеңілген, алайда кассациялық шағым келтіріліп, іс қайта қаралды.