Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Владимир Божко депутаттардың еңбекақысы неге артқанын түсіндірді

Владимир Божко депутаттардың еңбекақысы неге артқанын түсіндірді

Алматы. 10 сәуір. 7kun.kz - Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко журналистерге депутаттардың еңбекақысы көтерілгендігі туралы пікірін білдірді.

«Бұл шешім 4 жыл бұрын қабылданған. Басында министрліктер мен ведомстволардың ғана жалақысы көтерілді. Тек 4 жылдан кейін ғана бізді бұл тізімге қосты», – деа атап өтті Владимир Божко.

Сонымен бірге, ол мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысы бірдей болуы керек екенін айтты. «Барлық саяси қызметкер бірдей айлық алуы керек. Олардың қатарында депутаттар да бар. Сондықтан бұл шешім орынды деп ойлаймын», – деді депутат.

Айта кетейік, 1 наурыздан бастап парламент депутаттарының жалақысы 30-50 пайызға көтерілді. Қазір қызметкерлер еңбекақысы орта есеппен 600-700 мың теңге болды.

Похожие материалы