Алматы. 20 наурыз. 7kun.kz – Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа Президент кезіндегі еңбегі үшін алғыс айтты. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.
«Біз көршілерімізде, біздің жақын одақтасымызда қандай саяси оқиғалар болып жатқанын көріп отырмыз. Олар саяси басшылықтың ауысуымен байланысты, біз сабақтастық қамтамасыз етілетініне үміттенеміз», - деді Путин Үкімет мүшелерімен дәстүрлі кездесуде.
«Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Жоғары мемлекеттік лауазымнан кеткендіктен, біз бірлескен жұмыс үшін ризашылығымызды білдіреміз және оған денсаулық пен табыс тілейміз», - деді Ресей Президенті.
Еске сала кетейік, 2019 жылы 19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев өз өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдады. 20 наурызда Сенаттың экс-спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті қызметіне кірісті.