Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Владимир Школьник: Курчатов маңынан АЭС салу жоспары зерттелуде

Владимир Школьник: Курчатов маңынан АЭС салу жоспары зерттелуде

Шығыс Қазақстан облысындағы Курчатов қаласының маңынан атом электр станциясын салу жоспары жан-жақты зерттелуде деп мәлімдеді ҚР энергетика министрі Владимир Школьник Елбасының төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

"Қазіргі кезде уран өндіру, өңдеу ісі ілгерілеп келеді. Ал, атом электр станциясына қажетті уран өніміміздің бірқатар бөлігін біз бүгінгі таңда Қытай АЭС-теріне арнап өндіре бастадық. Әсіресе, өткен 2014 жылда аталған елге отандық өнім жоспардағыдан артығымен экспортталды деуге толық негіз бар. Осы бағыттағы жұмысымызды ілгерілетіп келеміз. Бүгінгі таңда біз ШҚО-дағы Курчатов қаласының маңынан атом электр станциясын салу жоспарын жан-жақты қарастырудамыз", - деді В.Школьник.

Алғашында нысанды Маңғыстау облысында салу мәселесі көтерілген еді.

Ақпарат көзі: baq.kz

Похожие материалы