Астана. 14 сәуір. 7kun.kz- Қазақстанның бұрынғы энергетика министрі Владимир Школьник Президентің кеңесшісі болды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлайды.
Бейсенбі күні Энергетика министрлігінде "Еуразия" жобасы бойынша өтіп жатқан отырыс бағдарламасында Владимир Школьник Президенттің кеңесшісі ретінде көрсетілген.
Ал Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі В. Школьниктің Президент кеңесшісі қызметінде екенін растады.
Айта кетейік, Владимир Школьник 2016 жылдың наурыз айында Президент Жарлығымен Қазақстанның Энергетика министрі қызметінен босады.