Президент Жарлығымен Қазақстанның Энергетика министрі Владимир Школьник қызметінен босады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Еске салайық, Школьник аталған министрлікті 2014 жылдан бері басқарады.
Владимир Школьник 1949 жылдың 17 ақпанында Ресей Федерациясының Мәскеу облысындағы Серпухов қаласында дүниеге келді.
1973 жылы Мәскеу инженерлік-физикалық институтын «Физика-энергетикалық қондырғылар» мамандығы бойынша бітірді. Физика-математика ғылымдарының докторы. Еңбек жолын 1973 жылы Маңғыстау энергокомбинатында БН-350 реакторының инженер-физигі болып бастаған.
Маңғыстау энергокомбинатының физика-технологиялық зертханасы бастығының орынбасары, комбинаттың реакторлық өндіріс жөніндегі бас инженерінің орынбасары қызметтерін атқарған.
1988-1992 жылдары Маңғыстау энергокомбинаты директорының орынбасары болды. 1992 жылдан 1994 жылға дейін – Қазақстан Республикасының Атом энергиясы агенттігінің Бас директоры;
1994 жылдан 1996 жылға дейін – Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрі; 1996 жылдан 1999 жылға дейін – Ғылым министрі – Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Президенті, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі;
1999 жылдан 2000 жылға дейін – Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрі;
2000 жылдан 2002 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі;
2002 жылдан 2006 жылға дейін – Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі; 2006 жылдан 2007 жылға дейін – Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі;
2007 жылдан 2008 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары; 2008 жылдан 2009 жылға дейін – Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі;
2009 жылдың мамыр айынан 2014 жылдың тамыз айына дейін – «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ Басқармасының Төрағасы.
2014 жылғы тамыздан – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі.