Алматы. 29 мамыр. 7kun.kz – Vласть интернет журналы «Трендтер. Қазақстандағы тұрғын үй» конференциясын өткізеді. Нарық ұсынушылары жылжымайтын мүлікке қатысты басты сұрақтарға жауап береді.
Конференция 2 маусым күні Алматы қаласында «Алматы» қонақүйінде өтеді. Конференция барысында жылжымайтын мүлік өзінің инвестициялық тартымдылығын жоғалтып алды ма, қазіргі уақытта оның баға қою саясаты мен тұрғын үйдегі баға динамикасы қандай және нарықтағы мемлекеттік бағдарламалар туралы айтылады.
Конференцияға қатысушылар:
Мұхит Әзірбаев, «Global» қүрылыс компаниясының бақылау кеғесінің төрағасы Мұхит Әзірбаев.
Алина Буравцева , «Krisha.kz» порталының шолушысы
Нина Лукьяненко, Қазақстан риелторларының біріккен ассоциациясының вице-президенті.
Ғалым Құсайнов, экономист, «ЦентрКредит» Банкінің баасқарушы директоры.
Руслан Кәкім, «Қазақстан ипотека компаниясы» МА» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
Мұхтар Әзімбеков, «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ банктік технологиялар департаментінің директоры.
Конференция модераторы Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің ішкі және сыртқы коммуникациясының кеңесшісі Байрам Азизов болады.