Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Vласть The Art of Storytelling фестивалін өткізеді

Vласть The Art of Storytelling фестивалін өткізеді

Алматы. 8 қыркүйек. 7kun.kz – Алматы қаласында 27 қыркүйекте Vласть The Art of Storytelling фестивалін өткізеді.

Фестивальдің спикерлері журналистер, редакторлар, кинорежиссерлер және халықаралық басылымдардың авторлары болады. Олар «The Atlantic» американдық журналының редакторы Джеффри Тайлер, «Meduza» басылымының арнайы корреспонденттер бөлімінің басшысы Александр Горбачев, арнайы жобалардың жетекшісі және «Такие дела» порталының продюсері Сергей Карпов пен Галина Масолова, «Аrzаmas» білім беру жобасының редакторлары Юлия Богатко мен Ирина Калетеевская, қазақстандық документалист Қанат Бейсекеев, "The Denver Post" басылымының бұрынғы редакторы Даниэль Петти, шведтік документалист және "Plattform Production" режиссері Максимильен ван Аертрик.

Спикерлер өз тәжірбиелерімен бөлісіп, туындыларын қалай жасағанын және қандай нәтижелі жұмыстар көрсеткенін айтады.

Фестиваль бас серіктесі Kaspi және серіктестері BI Group, Costa, InterContinental Almaty, Raimbek, Яндекс.Такси, abr Қазақстанның баспасөз клубының қолдауымен өткізіледі.

Айгүл Хожантаева

Похожие материалы