Еуропаның ең ірі автоөндірушісі Volkswagen AG 2014 жылдың қорытындысы бойынша автокөлік сатылымының, түсім мен табыстың жаңа рекордын орнатты. Сонымен бірге концерн ағымдағы жылға арналған рентабельдікті растады.
Алайда Ресей мен Бразилиядағы күрделі экономикалық ахуалға байланысты компанияның жоспарлары мен болжамдары орындалмай қалуы мүмкін.
Volkswagen пресс-релизінде айтылғандай, 2014 жылы операциялық табыс (EBIT) 1 млрд евроға, 12,7 млрд евроға дейін артты.
Бағамдар айырмасының, әсіресе 2014 жылдың бірінші жартысындағы бағамдардың кері әсеріне қарамастан, жылдық түсім 2,8%-ға, 202,5 млрд евроға дейін жоғарылады.
"Қытайдан тыс өңірлердегі әлсіз өсім перспективаларын ескере отырып, 2015 жыл сала үшін де, Volkswagen тобы үшін де табысты болады деген кепіл жоқ. Жөнге келмей жатқан саяси тұрақсыздық, айырбастау бағамдарының қатты ауытқулары және Ресей мен Бразилия секілді нарықтардағы күрделі жағдайлар негізгі қиындықтарды тудырып отыр", - деп мәлімдеді топтың қаржы директоры Ханс Дитер Пётш.