Алматы. 30 қаңтар. 7kun.kz – Германиялық Volkswagen AG автокөлік тобы 2018 жылдың қорытындысы бойынша әлемдегі ең ірі автомобиль өндірушісі болды. Компания үшінші жыл қатарынан бірінші орынды иеленді.
Жапонияның Toyota компаниясы өткен жылы сату көлемі 2%-ға, 10,6 млн автокөлікке дейін өскенін хабарлады. Бұл көреткіш Daihatsu және Hino брендтерінен де байқалады.
Volkswagen қаңтар айында сатылымның 10,8 млн-ға дейін артқанын хабарлады. Неміс автоөндірушісіне Audi, Bentley, Bugatti, Lamborghini, Porsche, SEAT, Skoda жеңіл автокөліктері, Ducati мотоциклі, MAN, Scania және Volkswagen Commercial жүк көліктері тиесілі.
Тағы бір жапондық Nissan Motor Co. компаниясы 2018 жылы 5,65 миллион көлік сатты.