Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Volkswagen 2030 жылға дейін барлық автокөліктерінің электрлі нұсқасын ұсынады

Volkswagen 2030 жылға дейін барлық автокөліктерінің электрлі нұсқасын ұсынады

Франкфурт. 12 қыркүйек. 7kun.kz - Әлемдегі ірі автоөндіруші Volkswagen (VW) 2030 жылға дейін жаңа электромобильдер құрастыру үшін миллиардтаған еуро салым салуға уәде берді. Компания 300-ге жуық автокөлік модельдерінің барлығының электрлі нұсқасын шығарады. Бұл туралы ВВС хабарлады.

Автоконцерн экологиялық көліктер шығару үшін инвестициясын 20 млрд еуроға дейін арттырады. Осылайша Tesla мен басқа да электрокар өндірушілеріне бәсекелес болады.

"Volkswagen сияқты компаниялар артта жүрмей керісінше, басқаларды соңынан ертуі керек", - деді Volkswagen бас директоры Маттиас Мюллер.

"Тұтынушыларға таза автокөліктер керек. Ал адамдарға таза ауа керек. Біз соған өз үлесімізді қосқымыз келеді", - деп атап өтті СЕО. Жоспар бойынша, германиялық автоөндіруші 2025 жылға дейін 80 жаңа электромобиль ұсынады.

Сонымен қатар, Volkswagen электрлі және гибридті көліктерге арналған аккумуляторларға тапсырыс қабылдайтынын хабарлады. Тапсырыс көлемі 50 млрд еуро сомасында.

Похожие материалы