
Алматы. 15 шілде. 7kun.kz — Жүргізушісіз автокөліктерге арналған платформаны әзірлейтін Argo AI стартабы Volkswagen Group-тен 2,6 млрд доллар инвестиция мен активтерді тартты.
Келісім Volkswagen мен Ford арасындағы серіктестіктің бір бөлігі болды. Себебі, Ford компаниясы - Argo AI акционері, 2017 жылы стартапқа 1 млрд доллар инвестиция салған. 2019 жылдың шілдесінде автоконцерндер жүргізушісіз көліктер, электромобильдер және басқа да технологияларды әзірлеу бойынша ынтымақтастық туралы келісті.
Volkswagen мәмілесі аясында Argo AI капиталына 1 млрд долларды инвестициялайды, сондай-ақ стартапқа жүргізушісіз технологияларды әзірлеу үшін құрылған Audi Autonomous Intelligent Driving бөлімшесін береді. Тараптар AID-ті 1,6 млрд долларға бағалады. Компанияның Мюнхендегі штаб-пәтері Agro AI-дің еуропалық филиалы болады.
Екі автоконцерн де стартапта тең үлесті иеленеді, тағы бір бөлігін қызметкерлер алады. Үлес мөлшері хабарланбады. Мәміледен кейін Argo AI бағасы 7 млрд долларға дейін өсті.
Айта кетейік, Argo AI екі автоконцернге арналған жүргізушісіз технологияларды жеке-жеке әзірлейді.