Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ВТБ банк "Нұрлы жол" бағдарламасының қатысушысы атанды

ВТБ банк "Нұрлы жол" бағдарламасының қатысушысы атанды

Алматы. 13 шілде. 7kun.kz - ВТБ Банкінің тұтынушылары тиімді шарттар негізінде тұрғын үй алуға несие рәсімдей алады. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Ипотека бойынша, төлем сыйақысы 10 пайызды құрайды.

Алматы мен Астана тұрғындары үшін 15 жылдық несиенің ең жоғарғы жиынтығы - 20 млн теңге, Қазақстан аймақтарының тұрғындары үшін - 15 млн теңге болады.

Ипотекалық несиенің алғашқы жарнасы 30 пайыз болады. Несие тек ұлттық валютада және тек бастапқы тұрғын үй алу үшін беріледі.
Бағдарлама аясында қарыз алушының айлық төлемі нарықтық ұсыныстармен салыстырғанда 30-40 пайызға кеміп отырады.
 
Жобаға қатысуға Қазақстанның кез келген азаматы өтініш білдіре алады және басқа жеңілдік ұсыныстары сияқты кезек күтпейді.
Несие алған сәтте қарыз алушы төлем кестесін алады. Онда банкке сыйақы төлемі субсидиялы және субсидиясыз бөліктерге бөлінген. Субсидиясыз бөлігі мен негізгі қарызды тұтынушы өзі төлесе, субсидияланған бөлігін ипотекалық компания банкке тікелей төлейді.

Похожие материалы