Алматы. 4 сәуір. 7kun.kz - 2017 жылдың 31 наурызынан бастап Николай Суганяка Қазақстандағы ВТБ банкі басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Бұл шешім Банк ВТБ (Қазақстан) директорлар кеңесінде қабылданды.
Банк жіберген хабарламада "Николай Суганяканың банк саласында жиырма бес жыл тәжірибесі бар. Оның ішнде 8 жыл ВТБ банкінде жұмыс істеді. Сонымен қатар, ол экономика ғылымдарының кандидаты", - делінген.
«Біздің банк 2017-2019 жылдарға арналған жаңа даму стратегиясын іске асыруға кірісті. Онда қазір Николай Васильевич жетекшілік ететін бөлшек сауда бизнесі ерекше орынға ие. Мен, жаңа басқарма мүшесінің жеке тұлғаларға арналған банк өнімдерін енгізу және дамыту саласындағы білімі мен тәжірибесі Қазақстандағы ВТБ еншілесінің қызметіне оңтайлы әсерін тигізеді дегенге сенімдімін», - деп атап өтті ВТБ банкінің (Қазақстан) Басқарма төрағасы Дмитирий Забелло.
"Бұған дейін Николай Суганяка Украинаның ірі желілік банктерінің бірін табысты басқарып келді, дағдарысқа қарсы менеджмент, стратегиялық және операциялық жоспарлау саласында, жеке тұлғалаларға арналған өнімдердің жаңа үлгілерін дайындауда жоғары нәтижелілікті көрсетті". Бұл туралы хабарламада айтылған.
Банк ВТБ (Қазақстан) басшылығы менің алдыма бөлшек сауда бизнесін дамыту бойынша өте қызықты және өршіл мақсаттар қойды. Қазақстандық нарықтың жақсы әлеуетін ескере отырып, біз банктің кәсіби командасымен бірге бөлшек сауда секторында жоғары нәтижелерге қол жеткіземіз және барлық стратегиялық міндеттерді іске асырамыз деп ойлаймын, - деді Николай Суганяка.
Айта кетейік, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – халықаралық ВТБ қаржы тобына кіреді. Банк Қазақстан қаржы нарығында 7 жылдан астам уақыт бойы жемісті қызмет жасап келеді. Қазіргі уақытта Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ 35 құрылымдық бөлімшеден тұрады. Оның ішінде он жетісі филиал. Банктің орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан.