Алматы. 26 ақпан. 7kun.kz – 2019 жылдың ақпанынан бастап ВТБ Банкі (Қазақстан) Мәскеу биржасының валюта нарығындағы сауда-саттыққа тікелей қол жеткізді. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Мәскеу биржасының валюталық нарығы ЕАЭО мүше мемлекеттердің интеграцияланған валюта нарығының ең өтімді сегменттерінің бірі болып табылады және оған қатысушыларға қолжетімді құралдардың кең спектрін ұсынады.
«Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО) аясындағы қаржылық өзара іс-қимыл аймақтың экономикалық тұрақтылығын сақтау үшін үлкен маңызға ие. ЕЭО-ға қатысушы елдердің валюталық нарықтарына қолжетімділікті кеңейту - бұл еуразиялық кеңістікте бизнес-байланыстарды нығайтуға және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға тағы бір қадам болады. ВТБ (Қазақстан) Банкінің алдында Мәскеу биржасының валюта нарығына тікелей шығу үшін ашылатын жаңа мүмкіндіктер біздің клиенттерімізге арналған өнім желісі мен сервисті жақсартуға мүмкіндік береді», - деді ВТБ Банкі (Қазақстан) Басқармасының төрағасы Дмитрий Забелло.
Айта кетейік, қазіргі таңда Мәскеу биржасының валюталық нарығына Еуразиялық экономикалық одақтың бес елінен (ЕЭО/ЕурАзЭҚ) 14 банк тікелей қатынау рұқсатына ие, оның ішінде екі халықаралық қаржы институты бар: Мемлекетаралық банк және Еуразиялық Даму Банкі (ЕАДБ). Олардың жиынтық сауда айналымы 2018 жылы 2017 жылмен салыстырғанда үш есеге өсіп, 1,9 трлн рубльге жетті.
2018 жылдың қорытындысы бойынша валюта нарығындағы орташа күндік сауда көлемі 22 млрд АҚШ долларын құрады.