Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ВТБ тобы картадан картаға халықаралық аудару сервисін іске қосты

ВТБ тобы картадан картаға халықаралық аудару сервисін іске қосты

Алматы. 25 желтоқсан. 7kun.kz - ВТБ Тобы Қазақстан ВТБ банкі карталарының иеленушілеріне кез келген Ресей банкінен шұғыл ақшалай аударымдарды алуды қолжетімді ететін жобаны іске асырды. Жоба «МультиКарта» процесингтік компаниясының қолдауымен іске асырылды, деп хабарлайды банк баспасөз қызметі.

Жаңа сервис шеңберінде ВТБ-ның Қазақстандағы еншілес банкі клиенттерінің картасына Ресейде шығарылған кез келген картаның иелері ақшалай аударым жасай алады. Жөнелтушінің және алушының карталары Visa немесе MasterCard төлем жүйелерінің базасында шығарылуы тиіс. Жаңа қызмет келесі сілтеме бойынша қолжетімді: VTB Stream.

Аударымның ең аз сомасы тәулігіне 100 рубль, ең көбі – 100 мың рубль. Аударым жасау кезінде ВТБ тобының тарифтеріне сәйкес комиссия өндіріледі, ол бүгінгі күні Ресей нарығындағы ең тиімділердің бірі болып табылады.

Операцияны жасау үшін, Ресейде шығарылған карта иегерлеріне банктің сайтындағы арнайы орында аударым сомасын көрсетіп және жөнелтуші мен алушының карталарының деректемелерін енгізу жеткілікті. Аударымдар Ресей рублінде жүзеге асырылады, ВТБ (Қазақстан) карталарына қаражаттар аудару шотты жүргізу валютасында жүзеге асырылады. Осылайша, алушыға аударымды айырбастаудың қажеті жоқ.

Бұл сервис клиенттерге қаржылық операциялар жүргізуді жеңілдетеді.

"Біріншіден, VTB Stream аударымы банкаралық аударымнан жылдамырақ: ақша бірнеше минуттың ішінде шотқа түседі. Екіншіден, клиентке аударым алушы туралы ақпараттың ең аз мөлшерін білу жеткілікті - тек картаның нөмірі және алушының атығана керек", - деді Басқарма Төрағасының Орынбасары – Басқарма Мүшесі Николай Суганяка.

Ресейден аударым алу үшін клиенттер Банк ВТБ (Қазақстан) бөлімшелерінен картаны ресімдей алады.

Похожие материалы