Алматы. 9 қараша. 7kun.kz - Алматылық полиция Kaspi Bank туралы жалған хабарлама таратқан адамды анықтап, ұстады, деп хабарлайды 7kun.kz.
"Астана қаласының 35 жастағы тұрғыны айдың басында әлеуметтік желі арқылы Kaspi Bank қызметі мен басшысына қатысты жалған ақпарат таратқан. Қазіргі кезде полиция қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар басқа да тұлғаларды анықтау үшін кешенді жедел іздестіру, тергеу шараларын жүргізуде", деп хабарлады қалалық ІІД.
Еске салайық, WhatsApp арқылы тараған хабарламада жас жігіт бастықтары "қашып кеткендіктен" Kaspi-дегі шоттарды шешіп алуға шақырады. Бұдан кейін Kaspi Bank басшысы Михаил Ломтадзе банк клиенттеріне видеоүндеу жолдады.