Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

WhatsApp-та жаңа функция пайда болады

WhatsApp-та жаңа функция пайда болады

Әлем. 30 сәуір. 7kun.kz – WhatsApp әзірлеушілері жаңартуларында «статусқа» жылдам реакциялар қалдыру мүмкіндігін дайындауда, деп хабарлайды 7kun.kz.

Бұл арқылы мессенджер қолданушылары жаңа «статустарды» қарау кезінде тез эмодзи жібере алады. Әзірге пайдаланушыларға сегіз эмодзи ұсынылады. Олардың барлығын реакция ретінде пайдалануға болады.

Бұл мүмкіндік жақын арада iOS және Android үшін WhatsApp бета-нұсқасында пайда болады. Бұл ретте нақты мәліметтер әзірге айтылмады.

Айта кетейік, бұған дейін желіде мессенджердегі тағы бір жаңа функция туралы ақпарат пайда болды. Онда қолданушыларға тілді тікелей қосымшада өзгерту мүмкіндігі беріледі делінген.

Похожие материалы