Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

WhatsApp-та жаңа шектеу пайда болды

WhatsApp-та жаңа шектеу пайда болды

Алматы. 27 ақпан. 7kun.kz – WhatsApp-та жаңа шектеу пайда болды. Енді қолданушыларды белгілі бір топқа оның рұқсатынсыз қосуға болмайды, - деп жазады Российская газета.

Жаңа функцияны бұғаттау бөлімінен көруге болады. Онда топқа қосуға қай қолданушының құқығы бар екенін белгілеуге болады. Қолданушы топқа біреуді қосқысы келген жағдайда екінші қолданушыға өтініш келеді.

Басылымның мәліметінше, бұл функция бастапқыда Android смартфондарында, кейін ғана iOS қосымшаларында пайда болады.


Похожие материалы