Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

WhatsApp-та жойылған хабарларды қалпына келтіру мүмкіндігі пайда болды

WhatsApp-та жойылған хабарларды қалпына келтіру мүмкіндігі пайда болды

Әлем. 6 маусым. 7kun.kz – Енді WhatsApp-та жойылған хабарларды қалпына келтіруге болады, деп хабарлайды 7kun.kz.

WhatsApp мессенджерінің командасы жойылған хабарламаны қайтаруға мүмкіндік беретін функцияны сынап жатыр.

«Менен жою» түймесін басқаннан кейін енді «кері қайтару» түймесі пайда болады.

Бағдарлама әзірлеушілердің айтуынша, бұл пайдаланушыларға хабарлама қателікпен жойылған болса, жоюды болдырмауға бірнеше секунд береді.

ixbt.com сайтының хабарлауынша, жаңа мүмкіндік WhatsApp-тың Android жүйесіне арналған 2.22.13.5 номерлі бета-нұсқасында байқалған. iOS пен Android жүйесіне арналған WhatsApp-тың тұрақты нұсқаларында хабарламаларды қайтару мүмкіндігі қашан пайда болатыны әзірге белгісіз.

Похожие материалы