Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

WhatsApp интерфейсінен бастап бағасына дейін өзгеріске ұшырайтын болады

WhatsApp интерфейсінен бастап бағасына дейін өзгеріске ұшырайтын болады

WhatsApp қосымшасы iPhone құрылғыларына арналған ауқымды жаңарту дайындап жатыр. Әзірге мессенджердің жаңа редакциясының 10 ерекшелігі белгілі. Құрастырушылар сервис қолданушыларының тілектерін қабыл етіп, iOS платформасында жоқ жаңа функцияларды қосатын болады деп жазады Macdigger.

Мессенджер Apple Watch сағаттарын қолдайтын болады. Тағылатын құрылғы иелері жаңа хабарламалар туралы біліп, оларға жауап беріп, телефонды қалтадан алмай-ақ өшіре алатын болады. Жаңартылған WhatsApp Android пен Windows Phone клиентінің нұсқасына ұқсайды. Суреттерді алдын-ала қарау және өзге де функциялар қосылады. Осы жылдың қаңтар айында WhatsApp-тың браузерде жұмыс істейтін нұсқасы шыққан болатын. Қолданушыны растау үшін экранда QR-код шығады. Оны тұтынушы өз смартфонынан оқуы тиіс. iOS платформасындағы кейбір шектеулерге байланысты веб-нұсқасы әзір қолжетімсіз. Уатсаптың жаңа нұсқасының шыққан соң жағдай өзгереді деп күтілуде. WhatsApp мессенджерін қолдану үшін жаңарған прайс-парақша беріледі. 1 жылға жазылу құны - 0,89 еуро, 3 жылға - 2,69 еуро, 5 жылға - 4,49 еуро. Енді қолданушылар Фейсбуктекі секілді хабарламаны "оқылды" не "оқылмады" деп белгілей алады. Фейсбуктен "ұрланатын" қызмет тек бұл ғана емес. Әлеуметтік желідегідей лайк басуға да мүмкіндік туады. Жаңартылған нұсқада әрбір чаттың дауысын және ескертпе дыбысын өзгертуге болады. Осылайша, телефонның "жүзіне" қарамай-ақ хабарламаның кімнен келгенін білуге болады. iMessage мессенджеріндегідей уатсапта да "Мазаламау" функциясы болады. WhatsApp-тың жаңа нұсқасы қолданушының жіберген не оған келген бейнежазбалардың резервтік көшірмелерін сақтайды. VIP-қоңырауларға арналған арнайы режим мобильдік интернет арқылы трафикті үнемдеуге көмектеседі.

Похожие материалы