Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

WhatsApp желісінде жіберілген хатты өшіруге болатын функция қосылды

WhatsApp желісінде жіберілген хатты өшіруге болатын функция қосылды

Алматы. 28 қазан. 7kun.kz - WhatsApp желісінде жіберілген хатты өшіруге болатын функция қосылды деп жазды iguides.ru.

Жаңа функция арқылы WhatsApp желісін пайдаланушы жіберілген хатты өшіре алады. Ол хат сіздің мессенджеріңізде ғана емес, хатты алушының да мессенджерінде өшіріледі. Алайда хатты жібергеннен кейін жеті минут ішінде өшіріп үлгеру керек.

Хатты жою үшін, өшіргіңіз келген диалогты таңдап, экранның жоғары жағындағы себет белгішесін басасыз. Кейіннен "хатты сіздің диалогыңыздан немесе хатты алушының диалогынан өшіру" терезесі пайда болады. Хат өшірілсе, "Бұл хат жойылды" деген жазба шығады.

     

Похожие материалы