Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

WikiLeaks АҚШ-тың Францияға тыңшылық жасағаны туралы мәліметтер жариялады

WikiLeaks АҚШ-тың Францияға тыңшылық жасағаны туралы мәліметтер жариялады

WikiLeaks сайтында АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің (ҰҚА) Францияда экономикалық тыңшылық жасағандығы туралы ақпараттар жарияланды деп жазады РБК.

WikiLeaks-тың мәлімдеуінше, тыңшылық 2002 жылдан бастап қаржы министрлеріне және экономикалық сфераға байланысты лауазымды тұлғаларға жүргізілген. Барлығынан бұрын АҚШ-ты елдің бюджет мәліметтері қызықтырған. Өткен аптада WikiLeaks АҚШ-тың Францияның соңғы үш президенттері Жак Ширак, Николя Саркози және қазіргі Франсуа Олландтың телефон әңгімелерін тыңдағандарын жазған еді. WikiLeaks ақпараттары бойынша, ҰҚА-ның құпия құжаттарында француздық шенеуніктердің Франциядағы өткір проблемалар және халықаралық кеңістіктегі қаржылық дағдарыс, Грекиядағы қарыз дағдарысы, көшбасшылық және Еуропалық Одақ мәселелері туралы әңгімелерінің мазмұны жазылған. Кейінірек Вашингтон Олландты тыңдағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. "Егер біздің ұлттық қауіпсіздікке қатысты нақты қауіптеріміз болмаса, тыңшылық бойынша сыртқы бақылау шараларын жүргізбейміз", – деп мәлімдеді АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нед Прайс.

Похожие материалы