Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Windows 10 сатылымға шықты

Windows 10 сатылымға шықты

Жаңа Windows 10 операциялық жүйесі ресми түрде сатылымға шықты. Microsoft компаниясы ОЖ-ның орнату файлдарын бір күн бұрын тарата бастағанымен, оны тек сәрсенбіден бастап толық орнатуға болады деп жазады РБК.

Windows 7 және Windows 8.1 қолданушылары осы жылдың соңына дейін Windows 10-ға тегін жаңалай алады. Бірақ, The Telegraph-тың хабарлауынша, осыған дейін өтініш жібергендердің барлығы да жаңа ОЖ-ге қол жеткізе алмайды. Орнату файлдары да компания серверіне қосымша күш түсірмес үшін алдын-ала таратылған еді. Windows 10 барлық құрылғылар үшін бірінші орындағы операциялық жүйе болып табылады. Оның ресми тұсаукесері 2015 жылдың қаңтарында өтті. Компанияның мәліметінше, Windows 10 190 елде 111 тілде қолжетімді болмақ. Жаңа платформадағы өзгерістердің бірі -  Cortana дауыс көмекшісі. Ол қолданушының жеке қалауларын есте сақтап, жүйені оның индивидуалды тұтынуына орай ыңғайлай алады.  Жаңа ОЖ-ға Office 2016 пакеті, Internet Explorer-ды ауыстыруы тиіс Microsoft Edge браузері орнатылады. Microsoft-тың операциялық жүйелер бойынша вице-президенті Терри Майерсонның бағалауынша, 2018 жылға қарай Windows 10 орнатқан құрылғылар саны 1 млрд-тан асуы қажет.

Похожие материалы