Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Wood Mackenzie: 2015 жылы әлемдегі қорғасын тапшылығы 50 мың тоннадан асады

Wood Mackenzie: 2015 жылы әлемдегі қорғасын тапшылығы 50 мың тоннадан асады

2015 жылы дүниежүзілік нарықтағы қорғасын тапшылығы 50 мың тоннадан асады деп болжам жасады Wood Mackenzie аналитиктері.

Бұл ретте жеткізілімдер жеткіліксіз болуына қатысты қауіпке байланысты металл бағасы екінші тоқсанда жоғарылауын жалғастырады. Содан соң сарапшылардың айтуынша, жазда тыныштық орнап, жылдың соңында аккумуляторларға деген маусымдық сұранысқа байланысты баға қайтадан өседі.

Wood Mackenzie берген бағасына сүйенсек, осы жылы кен орындарынан болатын жеткізілімдер шамамен 200 мың тоннаға қысқарады.

Осы жылы Лондонның металдар биржасында (LME) қорғасын 10%-ға қымбаттады, бұл түрлі-түсті металдар арасындағы үздік көрсеткіш.

LME бақылап отыратын қоймалардағы қорғасын қоры бейсенбі күні шілдеден бері ең төмен деңгейге түсті - 208,5 мың тонна.

Қытай бірінші тоқсанда тазартылған қорғасын өндірісін 7,1%-ға (986 мың тоннаға дейін) қысқартты, 2014 жылдың қорытындысы бойынша 5,7%-ға (4,2 млн тоннаға дейін) төмендеткен еді.

Похожие материалы