Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

WSJ: «Яндекс», Avito және «Тинькофф банктің» 1000-нан астам қызметкері Түркияға кетті

WSJ: «Яндекс», Avito және «Тинькофф банктің» 1000-нан астам қызметкері Түркияға кетті

«Яндекс», Avito және Тинькофф Банктің 1000-нан астам қызметкері Украинада әскери арнайы операция басталғаннан кейін Түркияға көшіп кетті. Бұл туралы The Wall Street Journal жазды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Олардың 900-ге жуығы – «Яндекс» қызметкерлері. Олардың үштен бірі елден кетті.

Ал Яндекс өкілдері компанияда қашықтықтан жұмыс істеу қарастырылғанын айтуда.

"Біз қашықтағы қызметкерлердің қайдан жұмыс істейтінін бақыламаймыз", – деді компания өкілдері.

Avito өкілдері компания мамандарды шетелге шығарумен айналыспағанын айтты.

"Бізде гибридті және қашықтан жұмыс режимі сақталған. Егер бұл олардың кез-келген ыңғайлы жерден жұмыс істеуіне кедергі келтірмесе, қызметкерлердің қозғалысын бақыламаймыз", – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Ал Тинькофф банкте аталған жағдайға байланысты түсініктеме беруден бас тартты.

Наурыздың соңында Ресейдің электрондық коммуникациялар қауымдастығының басшысы Сергей Плуготаренко сәуірде эмиграцияның «екінші толқыны» аясында 70 мыңнан 100 мыңға дейін IT саласының мамандары елден кетуі мүмкін екенін хабарлады. Оның айтуынша, Украинада әскери операция басталғаннан кейін эмиграцияның «бірінші толқыны» жүріп, Ресейден 50 мың-70 мыңға жуық адам кетті.

Айта кетейік, наурыздың басында Ресей президенті Владимир Путин IT қызметкерлерді елде ұстап тұруға арналған Жарлыққа қол қойды. Атап айтқанда, ресейлік IT-компаниялар 2024 жылдың соңына дейін үш жылға салықтан, табыс салығынан, валюталық және басқа да бақылаулардан босатылды. IT-компаниялары ағымдағы қызметі үшін де, жаңа жобалар үшін де 3%-ға дейін тиімді несие ала алады. Сондай-ақ перспективалы шешімдерді қолдауға арналған жыл сайынғы гранттық бағдарлама іске қосылады. 27 жасқа толмаған IT-бағдарламашылар осы саладағы жұмыс өтілімі кезінде әскери қызметтен босатылып, жеңілдетілген ипотека ала алады. Үкімет сонымен қатар IT саласындағы шетелдіктерді жұмысқа орналастыруды және олардың жұмысқа тұруын оңайлатуды жоспарлап отыр.

Похожие материалы