Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Xiaomi Mi Mix 3 - 5G-ді қолдайтын бірінші смартфон

Xiaomi Mi Mix 3 - 5G-ді қолдайтын бірінші смартфон

Алматы. 18 қазан. 7kun.kz - Xiaomi  ұялы байланыс өнімдерін шығарушылар арасында бірінші болып 5G-ді қолдайтын Mi Mix 3 смартфонын сатылымға шығарады. Бұл туралы gsmarena.com хабарлады.

Кеше Xiaomi  25 қазанда жаңа өнімін таныстыратыны туралы тизер жариялаған. Артынша жаңа өнімнің 5G-ді қолдайтыны, жедел жадысының 10 ГБ болатыны туралы айтылды.

Ал бүгін осы ақпаратты ресми түрде растап, Mi Mix 3-тің  5G-ді қолдайтын әлемдегі бірінші смартфон болатынын хабарлады.

Айта кетейік,  бұған дейін таныстырылған Motorola Moto Z3 смартфоны 5G-ді қолдайды. Алайда ол смарфтонның сыртынан қосылатын акссессуар түрінде және әлі сатылымға шыққан жоқ.

25 қазанда Бейжіңде таныстырылатын Xiaomi Mi Mix 3-тің бағасы шамамен 600 доллар болады деп болжануда. Бұған дейін жарияланған ақпаратта смартфонның 2 нұсқада шығатыны (6/64 ГБ - $490 және  8/256 ГБ - $760) айтылған.

Анықтама: Xiaomi Mi Mix-тің бірінші нұсқасы 2016 жылы шықты. 2017 жылы Xiaomi Mi Mix 2,  2018 жылы Xiaomi Mi Mix 2s таныстырылды.

Похожие материалы