Экономика
IT, Технология
Әлемдегі ең күшті қару кімге тиесілі?
Осы күні ядролық қару туралы білмейтін адам жоқтың қасы. Оның күші, зардабы туралы адамзат баласы жапон еліндегі қос қасірет – Хиросима, Нагасакиден кейін-ақ көз жеткізді. Бұл көрініс біздің халық үшін де таңсық дүние емес. Кеңес үкіметі кезінде қазақ даласы 456 ядролық және термоядролық жарылыстарды бастан өткерді.
Жаппай жоюға арналған қару әлемнің он шақты елінде бар. Олардың алғашқы бестігі:
АҚШ, Ресей, Франция, Ұлыбриатания және Қытай.
Әлемдік проблемаларды зерттейтін Стокгольм халықаралық институтының зерттеулері бойынша, соңғы жылдары әлемнің ең алып екі державасы АҚШ пен Ресей ядролық қаруларының санын біршама азайтқан. Оларға әлемнің 90% суық қаруы тиесілі. Сондай-ақ, екі ел өз қару-жарақтарын қайта жаңаландырудан өткізуде. Халықаралық зерттеу ұйымының 2014 жылғы мәліметіне сәйкес, әлемдегі Ресей, АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Қытай, Индия, Пәкістан, Израиль және Солтүстік Корея елдеріндегі ядролық қару санының қосындасы 16,3 мыңға тең. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда 900 бірлікке аз.
2011 жылы стратегиялық шабуылдарға қарсы қару-жарақ санын шектеуге қатысты келісім бойынша, Америка мен Ресей ядролық қаруларының санын 1500-ге дейін түсіруі керек еді. Алайда, Қырым оқиғасының кесірінен қос ел өзінің келісімде көрсетілген межесіне деген жылдамдығын біршама бәсеңдетті. О баста келісілген келісімге қарамастан, Американың алдағы он жылдық жоспарында ядролық қаруды модернизациялау және қолдауға 350 миллиард доллар бөлмек. Сәйкесінше, Ресей де өз тарапынан дәл осында ниетте екендіктерін жасырмады.
Институт ұсынған баяндамада ядролық қаруы бар елдердің ешқайсысы бұл күштен саналы түрде түбегейлі тамырын ажыратқысы келмейтіндіктерін жасырмаған. Ядролық қаруды әлемде соғыс бастала қалған жағдайда Ресей(1600), АҚШ(1920), Ұлыбритания(160) және Франция(290) ғана жедел іске қоса алады.
[caption id="attachment_20482" align="aligncenter" width="1000"]
ru.wikipedia.org-дан алынды[/caption]
Ядролық қаруға иелік ететін елдердер, шартты түрде «Ядролық клуб» деп аталады. Төменде сол клубтың мүшелері:
Халықаралық құқық алаңында заңдылары:
- Америка Құрама Штаттары
- Ресей Федерациясы
- Франция
- Ұлыбритания
- Қытай
Заңсыз
- Үндістан
- Солтүстік Корея
- Пәкістан
Ресми түрде Израиль ядролық қарудың иегері емес. Бірақ әлемдік ұйымның ойынша Израильде өздері жасаған ядролық қару бар.
[caption id="attachment_20481" align="aligncenter" width="1000"]
"РИА Новости" сайтынан алынды[/caption]
Дайындаған: Шөкенов Дарын "7"