Алматы. 14 маусым. 7kun.kz - Yahoo! негізгі бизнес телекоммуникацияларының сатылуы туралы мәмілелерінің аяқталғанын хабарлады. Маусымның 16-нан бастап компания атауы Altaba Inc. болып өзгертіледі,- деп жазды vestifinance.ru.
Verizon Yahoo! компаниясын 4,48 млрд долларға сатып алды. Сонымен қатар, ол Alibaba Group Holding Limited акциясының 15 пайызына, Yahoo! Japan Corporation акциясының 36 пайызына иелік етеді. Verizon компаниясы қол астына бұрынғы қуатты IT-алыптарын жинады. Енді жаңа бренд Oath атынан шығады.
Сондай-ақ Oath компаниясы HuffPost, TechCrunch, Yahoo! Finance, Tumblr және жарнамалық технология саласындағы ресурстарды қамтиды. Yahoo компаниясына тиесілі болған ақпараттарды да осы компания иемденді. Ендігі жерде деректер Google және Facebook арқылы мақсатты аудитория мен бағалау, таңдау үшін жарнама берушілерге қызмет көрсетуде пайдаланылады.
Oath құрама штаттарда 14 мыңға жуық қызметкерлерді қысқартуды жоспарлап отыр. Қысқарту негізінен әкімшілік қызметкерлерге әсер етеді.
Yahoo! дәуірінің аяқталуымен қатар, бес жылдық Марисса Майердің басқару кезеңі де аяқталады. Майер еңбек демалысы үшін 23 миллион ақы алды. Сонымен қатар, ол Yahoo-дың 186 млн доллар бағалы қағаздар пакетін иеленді.