Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұялы байланыс сапасын бақылау мақсатында мобильдік қосымша жасалмақ

Ұялы байланыс сапасын бақылау мақсатында мобильдік қосымша жасалмақ

Ұялы байланыс сапасын бақылау мақсатында Қазақстанда "Халық бақылауы" мобильдік қосымшасын жасау жоспарланып отыр. Бұл жөнінде ҚР инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бүгінде алыс елді-мекендерде ғана емес, Астананың өзінде де ұялы байланыстың біздің талаптарымызға сай емес аумақтары бар. Сапаның неге нашар екендігін анықтап, сол мәселелерді шешу керек. Бұл әрдайым қолға алынып отыруы тиіс»,- деді Инвестициялар және даму вице-министрі Сәкен Сәрсенов жиналыс барысында. "Халық бақылауы" бағдарламасы құрастырушыларының сөзіне сүйенсек, ол мобильдік үкіметке қосымша рөлінде болады. Қосымша тұрғындарға байланыс сапасына қатысты хабарламалар, суреттер жіберуге мүмкіндік береді. Хабарламалар тікелей байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті мен "Мемлекеттік техникалық қызмет" РМК-ге түсетін болады. Олар арнайы өлшеу құралдары арқылы байланыс сапасын тексеріп, мониторинг жүргізеді. «Мониторинг нәтижелері байланыс операторларына жіберіледі. Мәселе шешілмеген жағдайда операторларға әкімшілік шаларар жүргізілетін болады. Бұл абоненттермен байланысты жақсартып, шығынды азайтуға көмектеседі», — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. Аталған қосымшаны операторлар да, абоненттер де тегін қолданатын болады.

Похожие материалы