
Алматы. 1 сәуір. 7kun.kz – Yandex қазақстандық Antidolg.kz стартапының 40% үлесін 10 млн долларға сатып алды деген хабар жалған болып шықты. Бұл туралы Financekaz телеграм арнасының негізін салушы Андрей Чеботарев жазды.
«Бұл қалжыңды The-tech.kz ойлап тауыпты. Мен тексеру үшін Яндекске де, Антидолгқа да хабарластым. Өкінішке қарай Astana Hub стартап-резидентіне салынған ең үлкен стартап қалжың. Өмірімзде жақсы қалжыңдар көп болсын», - деп жазды ол.