Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ғылым қорының экс-басшысына 57 млн теңгеге айыппұл салды

Ғылым қорының экс-басшысына 57 млн теңгеге айыппұл салды

Алматы. 19 желтоқсан. 7kun.kz — ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым қорының бұрынғы төрағасы Әнуарбек Сұлтанғазин жемқорлық үшін сотталды, деп елдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі хабарлады.

"Бұған дейін ҚР БҒМ "Ғылым қоры" АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Ә. Ж. Сұлтанғазинге қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүргізілді", - делінген хабарламада.

18 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотының үкімімен Ә. Сұлтанғазин кінәлі деп танылып, оған 57 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Ақпаратқа сәйкес, Әнуарбек Сұлтанғазин өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан да айырылды.

Айта кетейік, ол Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры А. Т. Едрисовтың ҚР білім және ғылым министрінің жеке қабылдауын ұйымдастырғаны үшін 5 мың доллар көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.

Похожие материалы